«Қазақ даласының ең биігі – НАРЫНҚОЛ, ал қазақ поэзиясының Хан – Тәңірі - МҰҚАҒАЛИ» (Әкім Тарази) деп баға берген М.Мақатаев аз ғұмыр сүрсе де артына өшпес мұра қалдырып кеткен қазақтың біртуар ақыны.
«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде наурыздың 15-20 аралығында өткен қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі,әдебиеті және шет тілі пәндерінің апталығы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты әдеби-музыкалық видеомонтаж ұсынылды. Әдеби видеомонтажда М.Мақатаев туралы презентация көрсетіліп,ақынның өз даусымен оқыған өлеңдері берілді.Студенттер ақынның туған өлкесі, Отаны, қазақ халқының тарихы, Анаға, өмірге сүйіспеншілік, қоршаған әлемге құштарлық, мейірімділік, әйелге махаббат туралы туралы өлеңдерін жатқа оқыды.