ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде наурыздың 15-20 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі,әдебиеті және шет тілі пәндерінің апталығы өтуде.Апталық барысындағы іс-шаралардың өту барысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы контексінде қарастырылды.

Бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Аилбекова Мейрамгуль Орынбасаровна «Фермер шаруашылығы» мамандығы, «Ауылшаруашылығы өндірісіндегі тракторист-машинист» біліктілігінің I-курс студенттеріне «Тарих тағылымы» бөлімі бойынша Жәркен Бөдешұлының «Жалғыз» поэмасы» тақырыбында ашық бейнесабақ өткізді.