ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ - де филология ғылымдарының кандидаты, әдіскер, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының резервисті Ж.К.Турысбекованың жетекшілігімен «Жас ұстаздар кеңесінің» отырысы өткізілді. Жұмысқа қабылданған жас педагогтерге «Теориялық және тәжірибелік сабақ жоспарын құрастыру» бойынша практикум жүргізіліп, нормативтік құжаттар түсіндірілді. Кеңестің жұмыс жоспары пысықталып, алдағы іс - шараларға дайындық барысы сөз болды.