Биыл, Чернобыль атом электр станциясында орын алған апатты оқиғаға 35 жыл толып отыр. Апаттың зардаптарын жоюға 100 мыңнан астам адам жұмылдырылса, соның 30 мыңға жуығы қазақстандықтар еді. Олардың қатарында денсаулығын тәуекелге тігіп, өздерінің әскери парыздарын орындағандар арасында өзіміздің жерлестеріміз де болды. Сол жандардың жанқиярлық ерлігі мен қажырлы еңбегі арқасында ғана апат ауқымы қысқарды. Олардың қаншасы алынған радиация салдарынан өмірден ерте озды.
Бүгінгі өтіліп отырған іс-шара Чернобыль апатын жоюшыларға құрмет пен тағзым іспеттес. "Үржар колледжі" КММ -де сан жылдар бойы қажырлы еңбек атқарып келе жатқан оқытушы, жерлесіміз Самбаев Қайрат Далабайұлы "Чернобыль апатына 35 - жыл" толуына орай Төсбелгімен марапатталды.
Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль ардагерлерін мақтан тұтамыз, мәңгі жадымызда сақтаймыз. Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін олардың алдында басымызды иеміз.
Жиын барысында ауылымыздың әкімі А. Жунусовпен "Үржар колледжі" КММ директоры К. Чарахметов "Чернобыль апатына 35-жыл" төсбелгісін салтанатты түрде табыстады.