ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Азаматтық қорғаныс күніне орай «Үржар колледжі» КММ–де алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі Сақанов А.Қ. мен дене тәрбиесі пәні оқытушысы Тукенов Р.А. ұйымдастыруымен өрт қауіпсіздігі және алғашқы көмек көрсету туралы ауқымды оқу жаттығуы өткізілді. Оқу жаттығуына аудандық төтенше жағдай департаменті және Таскескен ауылдық ауруханасының жедел жәрдем бригадалары шақырылып, колледж аумағында колледж студенттері, оқытушылар мен қызметкерлеріне өрт шыққан жағдайда іс-қимыл әрекеттері және күйік шалған кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету практикалық сабақ жүргізді. Осыған арнайы ТЖД және жедел жәрдем бригадаларынан екі бірлік техника жұмылдырылды.
Елімізде болып жатқан түрлі өрт апаттарының салдарынан қайғылы оқиғалар көбейіп кетті. Соның ішінде Түркістан мен Жамбыл облысындағы болған қайғылы оқиғалардың алдың-алу мақсатында, оның салдарын болдырмауға және азайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізілді.