ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Біздің мемлекетіміздің қалыптасу тарихын ешқашан ұмытуға болмайды, біздің өскелең жастарымызға біздің біліміміз бен тәжірибемізді жеткізу қажет, сол кезде біздің еліміз жыл сайын өсіп, жаңа чемпиондар мен біздің заманымыздың қаһармандары пайда болады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған іс-шаралар Үржар колледжінде жалғасын табуда.

Үржар колледжінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі А.Қ.Сакановтың және дене тәрбиесі пәні оқытушылары Р.А.Тукеновтың, Қ.Ж. Қабышевтың ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында биатлоннан және АК 74 автоматын бөлшектеп жинақтаудан жарыс өтті.