ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Үржар колледжі" КММ студенттері колледж ұстаздарына алғыс ретінде видео челендж жолдайды, «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Бізге берген тәлім- тәрбиелеріңізге алғыс айтамыз. Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін, баршаңызға шексіз алғыс білдіреміз! Ізгі ниетпен колледж студенттері! #біз біргеміз