ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
«Еңбек - бәрін жеңбек” атты еңбек адаммен кездесуі Еңбек күнін мерекелеу аясында, “Адал азамат” бірыңғай тәрбие бағдарламасының құндылықтарың насихаттау бойынша «Үржар колледжі» КММ-де директордың оқу-өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Баймухаметованың басшылығымен кітапханашы А.Кашимбаева, бөлім меңгерушісі Ж.Аскарбаева мен арнайы пән оқытушысы 13 топ кураторы А.Ақшайықтың ұйымдастыруымен «GLOBAL BEST of RECORDS» рекордтар кітабіна үш рет шыққан, «Аламан құрақ» жобасына қатысып, төс белгісімен марапатталып, қол-өнер шеберлігімен таңылған еңбек адамы Суттибаева Самаржан Байжакиповнамен кездесу өтті. Колледж студенттерімен кездесу барысында ол өзінің жеке өмірбаянымен, еңбек жолымен бөлісті, еңбек жолындағы жағымды жақтары мен ерекшеліктері туралы айтты. Еңбек ардагері жеке мысалда балаларға жеке тұлғаның қалыптасуындағы еңбек қызметінің маңыздылығын жеткізді, күнделікті өз бетімен жұмыс істеу, кәсіби құзыреттілікке ие болу және оларды практикада қолдану неге маңызды екенін айтты. Сонымен бірге ер балалар мен қыз балаларға тегін ашып жатқан үйірмеге жазылуға шақырды. Кездесу достық атмосферада өтті. Кездесу колледж студенттері ұйымдастырған концертпен аяқталды. #Абай_облысы_ТжКББ #Үржар_колледжі