ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ жастар ұйымы 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай колледж ұжымын және студенттерді мерекемен құттықтады. Іс-шара барысында бірлік пен татулықтың маңызы насихатталып, достық пен ынтымақты дәріптейтін жылы лебіздер айтылды. Бірлігі жарасқан еліміздің болашағы жарқын болып, татулық пен бейбітшілік әрдайым салтанат құра берсін!