Үржар колледжінде «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды түрде жалғасуда. Бұл игі бастамаға белсене атсалысып жатқан студенттер колледж ауласын тазалап, табиғатты аялаудың жарқын үлгісін көрсетуде. Студенттер айналаны қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның көркеюіне өз үлестерін қосуда. Әрбір жиналған қоқыс, әрбір тазаланған бұрыш - олардың туған жерге деген жанашырлығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.Осындай бірлік пен еңбекқорлықтың арқасында колледж ауласы ажарланып, айнала таза әрі жайлы ортаға айналуда. «Таза Қазақстан» акциясы - тек тазалық шарасы ғана емес, ол экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жастарды табиғатты қорғауға тәрбиелейтін маңызды қадам.
#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиПО
#Үржарколледжі
#Таза_Қазақстан_Абай_облысы














