«Үржар колледжі» КММде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Наурызнама онкүндігі» іс - шаралар аясында «Ұлттық спорт күніне» орай ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Ұлттық рух пен дәстүрді дәріптеген ерекше күн өтті. Бұл күні халқымыздың көне мұрасы саналатын ұлттық ойындар кеңінен насихатталып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Алаңда балалар мен ересектер жиналып, ата - бабадан жеткен асыл ойындарды бірге ойнап, бірлік пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Асық ату ойыны ерекше қызығушылық тудырып, мергендік пен ептілікті сынға салды. Әр қатысушы өз шеберлігін көрсетіп, дәлдік пен төзімділіктің маңызын ұғынды. Ал арқан тарту ойыны топтық бірлікті нығайтып, күш пен ұйымшылдықты талап етті. Қатысушылар бар күшін салып, жеңіске деген жігерін танытты.
#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиПО
#Үржарколледжі
#Naurusnama2026
#ҰлыДалаНаурызы













