Наурызнама онкүндігі аясында колледжімізде ерекше сән-салтанатпен "Ұлттық тағам" фестивалі ұйымдастырылды. Бұл тағылымы мол шара халқымыздың бай дастарқан мәдениетін дәріптеп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
Фестиваль барысында ұлттық тағамымыз бауырсақ пісірілді. Ақ дастарқандарда бауырсақтың иісі аңқып, ыстық бауырсақ таратылды.
Студенттерге ақ жаулықты әжелер тек бауырсақ әзірлеп қана қоймай, шығу тарихы мен дайындалу ерекшеліктерін таныстырып, өз өнерлерін ортаға салды. Ұлттық киім киген жастар ән айтып, күй шертіп, мерекелік көңіл-күйді одан әрі жандандыра түсті.
#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиПО
#Үржарколледжі
#Naurusnama2026
#ҰлыДалаНаурызы













