Үржар колледжі КММ - де Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы кең көлемде, ерекше сән - салтанатымен аталып өтті. Көктемнің шуақты мерекесі колледж ұжымы мен студенттердің басын қосып, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған тағылымды шараға айналды.
Мерекелік іс - шара барысында студенттер мен ұстаздар халқымыздың бай мұрасы - салт - дәстүрлерді сахналық көрініс арқылы шеберлікпен көрсетті. Атап айтқанда, «Ерулік», «Бастаңғы», «Тұсау кесу», «Қыз ұзату», «Байғазы», «Қыз қуу», «Тоқым қағар» сынды дәстүрлер жаңғырып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Әрбір көрініс ұлттық тәрбиенің терең мәнін ашып, жастардың рухани байлығын арттыра түсті.
Сонымен қатар, думанды кештің көркін қыздырған «Қара жорға» биі орындалып, мерекеге жиналған қауымға көтеріңкі көңіл - күй сыйлады. Ұлттық әуен мен би үйлесімі Наурыз мейрамының шынайы рухын сездірді.
#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиПО
#Үржар_колледжі
#Nauryznama2026
#Ұлы_Дала_Наурызы













