Қазақ халқының бай рухани мұрасы мен ғасырлар бойы қалыптасқан салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарын дәріптеу мақсатында танымдық - тәрбиелік көрме ұйымдастырылды.
Көрме барысында халқымыздың тұрмыс - тіршілігінен сыр шертетін бұйымдар, салт - дәстүрлердің мәнін ашатын көрнекіліктер мен тарихи деректер кеңінен таныстырылды. Әрбір жәдігер - өткеннің үнін жеткізетін асыл қазына, ұлттың болмысын айқындайтын рухани белгі ретінде ұсынылды. Сонымен қатар, көрме жас ұрпақты ұлттық тәрбиеге баулып, олардың бойында отансүйгіштік, елжандылық сезімдерін қалыптастыруға ерекше ықпал етті. Мұндай игі бастамалар ұлттық мәдениетті сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізудің жарқын көрінісі болып табылады.
#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиПО
#Үржарколледжі
#Naurusnama2026
#ҰлыДалаНаурызы













