ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММде педагог - психолог С.Дакинаның ұйымдастыруымен жылылық пен достыққа толы "ДосболLIKE" акциясы өтті. Бұл шара - студенттер арасында сыйластықты, мейірімділікті және өзара қолдауды нығайтуды мақсат еткен игі бастама болды. Акция барысында білім алушылар бір - біріне жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін жолдап, достықтың шынайы мәнін терең сезінді. Әрбір айтылған жақсы сөз бен жасалған кішкентай жақсылық жүректерге қуаныш сыйлап, ерекше көтеріңкі көңіл күй қалыптастырды.

"ДосболLIKE" - тек акция ғана емес, ол - адамгершілік пен татулықтың жарқын көрінісі. Осындай шаралар арқылы жастардың бойында ізгілік, қамқорлық және бірлік сияқты асыл қасиеттер дами түсетіні анық.

# Адал_азамат_Абай_облысы_ТиПО

#Үржарколледжі

#Қамқоржобасы_Абай_облысы

#ДосболLIKE_Абай_облысы