14 наурыз – Амал мерекесі, яғни Көрісу күні қазақ халқының ежелден келе жатқан ерекше дәстүрлерінің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, қол алысып, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектерін білдіреді.
Осы игі дәстүрді дәріптеу мақсатында "Үржар колледжі" КММ-де Көрісу күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында колледж ұжымы ұлттық дәстүрдің мән-маңызын насихаттап, бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін білдірді.
Көрісу күні – адамдарды бірлікке, татулыққа және сыйластыққа шақыратын ерекше мереке. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жастардың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттырып, салт-дәстүріміздің жалғасуына ықпал етеді.













