ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ-де Абай облысы прокуратурасының тапсырмасы аясында, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен, кәсіби операторлар, жүргізушілер және сценарий авторларының қатысуымен түсірілген «Закладчики. Мать» атты деректі фильмнің көрсетілімі өтті.

Аталған фильм қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселені терең ашып, адам тағдыры, ана жүрегінің күйзелісі мен жауапкершілік тақырыбын шынайы әрі әсерлі түрде бейнелейді. Көрермендерге ой салып, жастарды теріс әрекеттерден сақтандыруды мақсат еткен бұл туынды тәрбиелік мәні жоғары, тағылымы мол жұмыс ретінде бағаланды.