ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Колледж жатақханасында Жаңа жыл мерекесіне арналған көңілді әрі әсерлі кеш ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында студенттер әсем ән шырқап, шаттыққа толы би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш қонақтары түрлі қызықты сыйлықтарға ие болып, жаңа жылдық қуанышпен бөлісті.

Директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.А. Баймухаметова қатысушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, студент жастарға жылы лебізін білдіріп, алдағы жылға сәттілік пен табыс тіледі.