Үржар колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың» атты мазмұнды да мәнді челлендж ұйымдастырылды.
Бұл шара жас буынның бойында елдік рухты оятып, тәуелсіздіктің қадір - қасиетін терең сезіндіруді мақсат етті. Челлендж барысында студенттер егемендік жылдары қол жеткізген жетістіктерді дәріптеп, туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін шығармашылық түрде жеткізді.
Тәуелсіздіктің рухын дәріптеген бұл бастама колледж жастарына ерекше серпін беріп, олардың бойында ұлттық сананы, отансүйгіштік қасиеттерді нығайта түсті.
#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиППО
#Үржарколледжі
#Тәуелсіздіккүні













