Халықаралық студенттер күніне орай Үржар колледжінде дәстүрлі «Кел, танысайық!» атты студент қатарына қабылдау кеші өтті. Іс - шараның мақсаты - жаңа қабылданған студенттерді оқу ордасының өмірімен таныстыру, ұйымшылдық пен достық қарым - қатынасты нығайту болды. Кеш барысында директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары М.Куракбаева құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі. 1 - курс студенттеріне «Студенттік билет»табысталды.Сонымен қатар, 3 - курс студенті Елена Саваровская 1 - курс студенті Дүйсенбек Исламға «Білім кілтін» табыстады. Кеш соңында 1 - курс студенттері оқу ордасының белсенді өміріне араласуға және алдағы уақытта қоғамдық іс - шараларға белсенді қатысуға Ант берді. Іс - шара достық пен ынтымақ рухында өтіп, студенттердің көңілінен шықты.
#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиПО
#Үржарколледжі
#Еңбегіадалжасөренжобасы_Абай_облысы













