ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №748 қаулысымен бекітілген Балаларды зорлық - зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын - алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 20 - тармағын іске асыру мақсатында ҚР Оқу - ағарту министрінің 18.09.2024 жылғы №263 бұйрығының 1 - қосымшасына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігі үшін өткізілетін «Жеке қауіпсіздік» сабақтарының жоспарына сәйкес «Үржар колледжі» КММ - де «Зорлық - зомбылықтан қорғану: қорғау әдістерін және көмекке жүгіну ережелерін білу» тақырыбында І - ІІ курс студенттеріне педагог - психолог С.Дакина қауіпсіздік сабағын өткізді.

Мақсаты:

Оқушыларға зорлық - зомбылық түрлерін түсіндіру;

Қауіпті жағдайларда өзін - өзі қорғау әдістерін үйрету;

Буллингтен қорғану жолдарын үйрету;

Көмекке жүгіну жолдарын көрсету және маңызды байланыс нөмірлерін білу.

#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиППО

#Үржарколледжі

#Қауіпсіздіксабақтары

#Алдыналушаралары