"Үржар колледжі" КММ - де оқу - өндіріс шеберлері Ахмедиева Г.С. мен Тергенбаева К.Б. ұйымдастыруымен студенттер арасында "Алтын күз - еңбек мерекесі" атты іс - шара өтті. Іс - шара "Жұмысшы мамандығы жылы" аясында ұйымдастырылып, еңбек адамын құрметтеу мен кәсіби мамандықтардың маңызын дәріптеуге арналды. Студенттер өз мамандықтарына байланысыты шығармашылық жұмыстар мен көрмелер ұсынды. Сайыстың бір бөлімі "Мамандығым - мақтанышым" деп аталып, студенттер әр мамандықтың маңыздылығын сахналық көрініс түрінде көрсете білді. Күздің молшылығы мен еңбек қуанышын дәріптеген мереке жеңімпаздарды марапаттаумен аяқтады.













