ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Білімнің шамшырағы болып, жүректерге нұр құйып, сан мыңдаған шәкірттің өмір жолына бағыт - бағдар беріп жүрген барлық ұлағатты ұстаздарға шексіз алғысымызды білдіреміз! Сіздердің төккен маңдай терлеріңіз бен өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасында талай шәкірт арманына қанат қақты, биік белестерді бағындырды. Бүгінгі мереке - сіздердің қажырлы еңбектеріңізге деген ел алғысы мен құрметінің көрінісі.

Ардақты ұстаздар! Әрдайым шәкірттеріңіздің жетістігіне куә болып, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер! Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, кәсіби жолдарыңызға табыс тілейміз!

«Үржар колледжі» студенттері барлық ұстаздар қауымын құттықтай отырып, колледжіміздің оқытушыларына ізгі құттықтауларын жолдап, мерекелік концерт ұйымдастырды.

#біздіңТжКБ

#РахметҰстаз

#нашеТиПО