23.10.2025 күні «2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған онкүндік шараның ашылу салтанаты өтті. ДОІЖЖ орынбасары Куракбаева А.М. құттықтау лебізін білдірді. Онкүндік жоспарымен колледж әдіскері Турысбекова Ж.К. таныстырып өтті.
Мерекенің бірінші күні колледж кітапханашысы Кашимбаева А.Н. мен оқытушы Аскарбаева Ж.К. ұйымдастыруымен ұрпақтар сабақтастығын нығайту, дәстүрлерді орнықтыру, қауымдастық пен мұра сезімін қалыптастыру мақсатында «Болашаққа хат» атты капсула орнатылды. Әр бір қатысушыға 5 жылдан кейінгі болашақ студенттерге хат жазу ұсынылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бірінші күннің өзінде студенттер, колледж қызметкерлері, оқытушылар жазған хаттарын салуды бастап кетті. Онкүндік Іс-шара өткеннен кейін капсула ресми түрде жабылып, үстіне ашылу күні жазылады, сонымен қатар, кері санақты көрсететін QR-код жасалады.