ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Абай облысы білім басқармасына қарасты Үржар колледжінде ұйымдастырылған «Үржар - Айым» жазғы лагері өз жұмысын аяқтады. Лагерь жоспары аясында колледжде оқытылатын мамандықтар бойынша мектеп оқушыларына арнап шеберлік сағаттары, мәдени және спорттық іс - шаралар өткізілді. Кәсіптік бағдарлау лагерін ұйымдастыру мектеп оқушыларына кәсіби дағдыларын қалыптастыруға және оларды болашақта таңдайтын мамандықтарына бағыт беру мақсаты көзделген. Мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігінен және қызығушылықтарынан лагерь жұмысы жақсы деңгейде ұйымдастырылғанын аңғаруға болады.