2025 жылғы 2 маусым мен 13 маусым аралығында «Үржар колледжі» КММ - де мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған жазғы лагерь өз жұмысын ресми түрде бастады. Осы кезеңде балалар үшін ерекше мазмұнға ие, пайдалы әрі қызықты іс - шаралар жоспарланған. «Үржар - айым» атты жазғы демалыс лагері жасөспірімдерге белсенді демалысты, денсаулықты нығайтуды және ерте кәсіби бағдарлауды ұштастыратын бірегей бағдарламаларды ұсына отырып, өз шымылдығын ашты.
Бағдарламалар баланың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуды, сонымен қатар өмірде қажет болатын білім мен дағдыларды меңгеруін көздейді. Кәсіптік бағдар беру бағытындағы бұл лагерь - оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын анықтап, оларды болашақтағы түрлі мамандықтарға бейімдеуге үлкен мүмкіндік береді.
Лагерьдің алғашқы күні салтанатты ашылу рәсімімен басталды. Жазғы лагерь жетекшісі Дакина С. оқушыларға арнап жүрекжарды құттықтау сөзін сөйлеп, оларға сәттілік пен жарқын көңіл күй тіледі. Іс - шара аясында балалар бір - бірімен жақынырақ танысып, достық қарым - қатынас орнату үшін арнайы ұйымдастырылған «Кел, танысайық» атты психологиялық тренингке қатысты. Сонымен қатар, қатысушылар колледждің тыныс - тіршілігімен, оқу - өндірістік процесімен танысты.
Осылайша, «Үржар - айым» лагері балалар үшін жаңа білім мен әсерге толы күндерді бастап берді. Алда оларды шығармашылық пен даму, сергектік пен серуенге толы ерекше демалыс күтуде.
#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиППО
#Үржарколледжі