"Үржар колледжі" КММ 25 қараша - әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықты жою күні
"Үржар колледжі" КММ 25 қараша - әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықты жою күні. Аталған іс-шара аясында колледжімізде "Зорлық -зомбылықсыз 16 күн" науқаны басталды. Мақсаты: Әйелдерге қатысты зорлық -зомбылықтың түрлері туралы кеңінен ақпарат беру, оның отбасында болмауын қадағалау және жолын кесу бағытында профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру. Аталған іс-шара барысында әйелдер қауымымен жиын өткізіліп, сергіту сәті, жадынамалар таратылып, қызу пікірталас өткізілді.