Студенттік өмір 1 курстан басталады. Сондықтан да бірінші курс студенттерінің колледж өмірімен оқу іс-әрекетіне тиімді бейімделуі тұлға ретінде болашағының жақсы дамуы болып қалыптасуына кепіл болады.
"Үржар колледжі" КММ- де 21.11.2024 күні 1 курс студенттеріне арналған "Танысайық достар" атты танысу кеші өтті.
І курс студенттері дайындап келген концерттік бағдарламасын, бар өнерлерін ортаға салып, көрсетіп, өздерін таныстыра білді.
Колледжіміздің "Білім кілтін" 3 курс студенттері 1 курс студенттеріне салтанатты түрде табыстап, колледж ережелеріне бағынып, жақсы білім алып, үлгілі студент болып жүрулеріне ізгі тілектерін білдірді.