2024 жылдың 17 қазанында «Үржар колледжі» КММ-де оқу-өндіріс шеберлері Тергенбаева К.Б. мен Ахмедиева Г.С. -ның ұйымдастыруымен «Күз мерекесі» - не орай іс-шаралар өтті. Күзгі егіннің табиғи материалдарын көркем сыйларын пайдалана отырып, қолөнер бұйымынан көрме ұйымдастырды. Көрмеге колледжде білім алып жатқан барлық топ студенттері қатысып, жоғары деңгейде белсенділік танытты. Көрме ұйымдастыру мақсаты студенттердің танымдылық қабілетін, талғамдарын дамыту, ой-өрістерін кеңейту, еңбекке, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Әділқазылар алқасы үздік туындыларды бағалап, алғыс хаттармен марапаттады.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО
#үржарколледжі