ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
"Үржар колледжі" КММ-де жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сана мен мәдениетті дамыту, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді қалыптастыру мақсатында «Адалдық дүкені» ашылды. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті тауарларды алып, алынған тауардың ақшасын кассалық жәшікке қалдырады.
 
 
«Адалдық дүкені» ашылуының алғашқы күнінен бастап студенттер оң пікірлерін білдірді.