Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке - Алғыс айту күні. Алғыс айту - жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Мерекеге орай колледж психологі М.О. Аилбекованың ұйымдастыруымен колледж студенттері ұжым мүшелерін алғыс айту күнімен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.