ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

2026 жылғы 9-13 қараша аралығында білім беру ұйымдарында «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі апталығы» аясында «Үржар колледжі» КММ-де «Қолдау бар жерде – сенім бар» тақырыбында  психологиялық-педагогикалық қолдау апталығы ашылды. Апталықтың мақсаты: қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, эмоционалдық қажудың алдын алу,білім алушылар мен ата-аналар және педагогтер арасында психологиялық көмек пен қолдауды насихаттау,психологиялық педагогикалық қолдау қызметіне деген сенімді қалыптастыру.
Ашылу барысында білім алушылар бір-біріне жылы сөз айтып, «Қолдау сандықшасына» ізгі тілектерін жазды. Бұл шара әр адамның тыңдалуы, түсіністік пен қолдауды сезінуі маңызды екенін еске салды.
Апталық бойы білім алушылар өз сезімдерін түсіну, бір-бірін тыңдау және қажет кезде көмек сұрау жолдары туралы іс-шараларға қатысады.