«Үржар колледжі» КММ - де «Психологиялық - педагогикалық қолдау қызметі» апталығының соңғы күнінде педагог - психолог С. Дакинаның жетекшілігімен «Біз біргеміз» атты рухты көтеретін жарқын флешмоб ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты - студенттер арасында бірлік, өзара қолдау мен жағымды көңіл - күй қалыптастыру. Флешмоб жоғары энергияға толы музыкамен сүйемелденіп, қатысушылардың бір - біріне деген сыйластығы мен ауызбіршілігін айқын көрсетті.
Жастардың белсенділігі мен ынтасы іс - шараның шырайын кіргізіп, « Біз біргеміз» ұраны колледж ұжымына серпін сыйлады. Шара қатысушылардың жүрегінде жақсы әсер қалдырып, апталықтың маңызды әрі көркем сәттерінің біріне айналды. Студенттер апта бойы ұйымдастырылған іс - шараларға белсенді қатысып, ризашылықтарын білдірді.
#ППҚҚ_апталығы_ӨПҚӘО
#неделя_СППС_РМЦПП
@centr_psychology_abay
#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиППО
#Үржарколледжі













