«Үржар колледжі» КММ - де өтіп жатқан «Психологиялық - педагогикалық қолдау қызметі» апталығы аясында педагог - психолог С. Дакинаның жетекшілігімен колледж жатақxанасында тұратын студенттерге арналған «Эмоционалды күйзелістің алдын алу» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Жатақхана тұрғындары үшін арнайы әзірленген бұл тренинг жан тыныштығын сақтаудың, стресс белгілерін танудың және эмоцияларды сауатты басқарудың тиімді жолдарын қамтыды. Студенттер түрлі психологиялық жаттығуларға қатысып, өз сезімдерін еркін білдіруге, ішкі уайымдарын жеңілдетуге мүмкіндік алды. Жылы атмосфера, сенімге толы әңгімелер мен тәжірибелік тапсырмалар қатысушылардың көңіл - күйін көтеріп, өз - өзін қолдаудың маңызын терең сезіндірді. С. Дакинаның кәсіби білімі мен адамға жақын көзқарасы тренингті ерекше құнды етті.
Сонымен қатар, тренинг барысында студенттердің қызығушылығын арттырған түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Бұл ойындар олардың бір - бірімен жақынырақ танысуына, сенімді қарым - қатынас орнатуына және көңіл - күйлерін көтеруге ықпал етті. Белсенді қозғалысты, ойлануды және топпен жұмыс жасауды талап ететін ойындар қатысушыларды жігерлендіріп, жатақханадағы бейресми атмосфераны одан әрі жандандыра түсті. Ойындар арқылы студенттер өз эмоцияларын еркін білдіріп, топтық қолдаудың қуатын сезінді. Бұл кездесудің студенттерге серпін беріп, эмоционалды әл - ауқатын жақсартуға ықпал еткені анық.
#ППҚҚ_апталығы_ӨПҚӘО
#неделя_СППС_РМЦПП
@centr_psychology_abay
#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиППО
#Үржарколледжі













