ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ - де «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі» апталығы аясында педагог - психолог С. Дакинаның ұйымдастыруымен «Мазасыздық пен стрессті қалай жеңуге болады» атты кеңес беру алаңы мен тренинг өткізілді.
Іс - шараның негізгі мақсаты - қатысушылардың эмоционалды әл-ауқатын нығайту, мазасыздық пен күйзелісті жеңудің тиімді тәсілдерін меңгерту, сондай-ақ білім алушылар мен педагогтер арасында психологиялық қолдау мәдениетін қалыптастыру болды.

Тренинг барысында қатысушылар өз сезімдерін тану мен басқару, ішкі күйзелісті төмендету жолдарын үйреніп, жағымды көңіл - күй мен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын түсінді. Іс-шара жылы да сенімді атмосферада өтіп, қатысушыларға сергектік пен шабыт сыйлады.