ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ - ның ұйымдастыруымен 2025 жылғы 10 - 14 қараша аралығында білім беру ұйымдарында «Педагогикалық - психологиялық қолдау қызметі» апталығы  аясында апталықтың бірінші күні «Үржар колледжі» КММ - де педагог - психолог С.Дакинаның ұйымдастыруымен «Көңіл - күй сыйлығы» атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында колледж оқытушыларына студенттер атынан ізгі тілектер мен жылы лебіздер жазылған ашық хаттар табысталды.

Бұл шараның мақсаты - ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, бір - біріне мейірім мен ризашылық сезімін білдіру арқылы көңіл - күйді көтеру және эмоционалдық қолдау көрсету болды. Акция қатысушылар жүзінде жылы күлкі, ал жүректерінде шаттық сезімін ұялатты.

#ППҚҚ_апталығы_ӨПҚӘО

#неделя_СППС_РМЦПП

#centr_psychology_abay