Ана... Осы үш қана әріптен құралған ұлы сөзге әлемдегі барлық жылулық, барлық пәк сезім, барлық бақыт пен махаббат, тіпті бүкіл жаһан сыйып кеткендей...
Анаға қаншама ақындар жыр арнаған. Қаншама жазушылар шығарма жазған. Ана - мәңгілік тақырып. Аналарға қанша жылы сөздер мен дүниенің барлық асылын алдарына әкеп үйіп қойсаң да, осы жандардың ақ сүтін өтей алмайсың. Жер бетіндегі Аналардың тілеуі бір. Ол - мейірімділік, адалдық, бейбітшілік, адамгершілік. Ұрпағының аман - саулығы.
Аталған мерекені студенттерімізге сезіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 27 ақпанында «Үржар колледжі» КММ - де педагог - психолог Дакина С.М. ұйымдастыруымен "Аналарға мың алғыс" атты челлендж өтті.
Мақсаты: Студенттерімізге мерекелік көңіл күй сыйлау, анаға деген ықылас пен алғыс сезіміне тәрбиелеу, өз аналарына деген ризашылықтарын, сүйіспеншіліктерін, махаббаттарын арттыру.