Ағымдағы жылдың 19 қарашасында «Үржар колледжі» КММ педагог-психологы Дакина Салтанат Мұратқанқызы «Біз біргеміз» тақырыбында колледж ұжымына психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында психологиялық жаттығулар, ойындар, сұрақ-жауап, аутотренинг ұйымдастырылды.
Мақсаты: педагогтардың ұжымдық сыйластық, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру. Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір – бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО
#үржарколледжі