«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында колледж кітапханасында, кітапханашысының ұйымдастыруымен «Ең оқуға құштар топ» атты конкурсы өтті. Конкурсқа Қ. Жумадиловтың «Тағдыр» романы таңдалып алынды. Мақсаты: Студенттердің тіл байлығын, ой-өрісітерін дамыту болды. Конкурсқа І-ІІ-ІІІкурс студенттері қатысты. Алдын-ала берілген тапсырма бойынша «Тағдыр» кітабын оқып дайындалып келу тапсырылған.Конкурстың қорытындысы тіл мамандарынан сайланған әділ-қазылар алқасының шешімімен І-курс №1топ конкурс жеңімпазы атанып, колледж кітапханасының мақтау грамотасымен марапатталды.