ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ кітапханасында кітапханашы Анаргуль Нуркасымовна 28 қаңтар күні «Кел танысайық-жаңа кітап» тақырыбында, кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптармен таныстыру көрмесін ұйымдастырды. Кітапханашы жаңадан келіп түскен кітаптарға шолу жасады. қатысушыларды әдебиеттермен жақынырақ таныстырды. Колледж студенттерінің қатысуымен «Фолянт» баспасынан шыққан алуан түрлі мамандыққа қажет кітаптар таныстырылды.
Дәстүрге айналған осындай «Жаңа кітаптар» көрмесі оқырмандарға кітап қорына түскен жаңа әдебиеттер туралы түсінік алуға маңызы мол. Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді көрмелерімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.