Оқу көшбасшысы
Викториналық ойын
"Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасы және "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында колледж кітапханашысының ұйымдастыруымен "Республикам мақтанышым!" Оқу көшбасшысы викториналық ойыны өтті. Бұл викториналық ойынға12 - 14 топ студенттері қатысты. Мақсаты: Республика күні мерекесінің маңызын анықтау, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Сөйлеу шеберлігін жетілдіріп, белсенділігі мен көркем әдебиетке деген құрметін арттыру. Патриоттық рух қалыптастыру. Шара соңында әділқазы алқасы жеңімпазды анықтап, мадақтама, грамотасымен марапаттады. Викториналық ойын жеңімпазы болып 14 топ студенті Мамажанов Нұрәли атанды.
#Адал_азамат_абай_облысы_ТиПО
#үржар_колледжі
#республикакүні
#оқуғақұштарколледж
#читающийколледж