ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Таскескен ауылындағы білім ошағы«Үржар колледжі» КММ-не ата-аналардың айтар ой-пікірлері,алғыстары шексіз.Соның бірі Таскескен ауылының тұрғыны Жумекенов Амангелді Кабирович.


«Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы.Мектеп пен ата-ананың міндеттері әр балаға бақыт сыйлау. Ата-аналармен бірлікте, ортақ күш-жігер жұмсау арқылы ғана мұғалімдер балаларға адамдық үлкен бақыт бере алады-деп ұлы педагог В.А.Сухомлинский атап көрсеткендей, жеке тұлғаның  қалыптасуы үшін үш субъекті мұғалім-оқушы-ата-ана,тығыз байланыста жұмыс атқаруы керек деп ойлаймын.


М.Жұмабаев «Тәрбиедегі мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» - деп айтқан. Баланы жастан-демекші бала туылғаннан бастап,оны тәрбиелеуіміз керек. Бұрын бір кісі бір білімді, иманды молдаға барып мен баламды қалай тәрбиелейін және қай уақыттан бастап деп сұраса? Балаңның жасы нешеде деп сұраған екен,жасы төртте ,-депті.Е,сен кеш қалдың,баланы құрсақта жатқаннан бастап тәрбиелейді деген екен. Сол сияқты баланы дүниеге әкелгеннен кейін дұрыс тәрбие,білім беру,оқыту,мамандық,жар таңдауына ықпал жасау әр ата-ананың міндеті. Мен өзім үш баланың әкесімін. Өзіндік тарихы бар оқу орнында үлкен және ортаншы ұлдарым   білім алып,жоғары оқу орнына түсіп,қазіргі таңда мамандықтары бойынша жұмыс істеуде.Ал кенже ұлым биыл 3курс студенті. «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алуда. Колледж студенттері өз мамандықтарын мақтан тұтады.Колледждің жақсы жаңалықтарын баламнан естіп,қуанып отырамын.Менің өзімнің жеке шаруа қожалығым бар.Колледжде жылда сәуір айында шаруа қожалығының басшыларын жинап,студенттер арасында семинар өтеді. Сонда менің бір байқағаным,колледж заманауи үлгіде көркейіп, жанданып келеді. Оқу корпусы,зертхана,жатақхана барлығы студенттердің білім алуына орай жабдықталған. Оқу кабинеттері компьютермен,интерактивті тақтамен жабдықталған  екен. Кітапхана сөрелері кітапқа  толы.Студенттер облыстық,аймақтық,республикалық сайыстарға қатысып,жүлделі орын алып, колледж мәртебесін көтеруде. Менің балам колледжішілік іс-шараларға ,қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.Көктемдегі  көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарының белсенді мүшесі. Өндірістік тәжірибеден өту,бұл баланың алған білімін шыңдай түседі.Бұндай қасиеттерді өз баламның бойынан байқадым. Техникаға деген қызығушылық, әсіресе қазіргі таңдағы заманауи техникаларды қарап, ғаламтордан іздеп отырады.Колледжішілік тәртіп, білім жақсы қарастырылған,студенттердің бос уақыттары жоқ.Таңертен теория,түстен кейін тәжірибе жүзінде білімдерін алмастырады.Баланы жастайынан еңбекке баулу керек.Мен оны өзімнің өмірлік тәжірибемнен айта аламын.Колледжде оқығалы баламның кәсіби деңгейі шыңдалып,еңбекке деген қызығушылығы арта түсуде. Биыл балам «Фермер шаруашылығы»мамандығы бойынша диплом алып,мамандығы бойынша жоғары оқу орнына тапсырғалы отыр. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші ауылымыздағы білім ордасының мәртебесін көтеріп, жастарды кәсіби деңгейде білім алуға жұмылдыру,өсіп келе жатқан ұрпаққа дұрыс бағыт- бағдар беру ата-ананың парызы,- деп білемін. Колледж ұжымына өскелең ұрпақты тәрбиелеуде сіңірген еңбектері үшін ата-ана ретінде алғысымды білдіремін.