ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың дамып, жаңа белеске шыққан кезеңі десек, артық болмас. Бүгінгі үдемелі жаһандану кезеңінде, әлем күрделі технологиялық серпінді өзгерістердің табалдырығында тұр.

Соған дәлел ретінде «Үржар колледжі» КММ-нің оқу-өндіріс шебері Р.Р. Телемисовтың Түркия мемелекетінен келген азаматпен тәжірибе алмасуы. «Таскескен-Бахты» тас жолында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр және де сол жерде түрлі техникалар қызмет жасауда. Түркия мемелекетінен келген Аксой Митат мырза колледж студенттеріне заманауи техникалардың қыр- сырын үйрету мақсатында «Шеберлік сыныбын» көрсетіп, дәлел ретінде жұмыс жүріп жатқан тас жолға шақырды. Тәжірибелік сабақ Америкалық «CATERPILLAR» шынжыр табанды тракторымен студенттерді таныстырды. Студенттер салмағы 45 тонна, сыйымдылық багі 600литрлік шынжыр табанды тракторды лезде меңгеріп алып, қызығушылық танытты.

Болашақта осындай тәжірибелік алмасу сабақтары, кездесулер жиі өткізіліп тұрса, студенттеріміз өз мамандықтарының шебері болар еді.

 

 

.