ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Оқытушының ар кодексі

  • Оқытушы қызметінің негізгі бағыты студенттермен жұмыс жасау, олардың білімді және мәдениетті болуын қамтамассыз ету, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
  • Оқытушы үнемі өзінің теориялық білімі және педагогикалық шеберлігін арттырып отыратын, ғылыми және зерттеу ісімен белсенді түрде айналысатын өз қызметінің нәтижесімен бөлісіп отыратын кәсіби тұрғыдан шебер болуы қажет.
  • Оқытушы моральдық және адамгершілік қасиетке ие, Қазақстанның мемлекеттік беделін белсенді түрде насихаттаушы, кез - келген сыбайлас жемқорлыққа, тәртіпсіздікке, жауапсыздыққа қарсы тұратын рухани тұлға.
  • Оқытушы оқу және еңбек тәртібін сақтауда, әріптестерге құрметпен қарауда өзіне талап қоя білуде, өз қатесін мойындап, оны түзете білуде студенттер алдында үлгі болуы қажет.
  • Оқытушы студенттер және өзінің әріптестерін кәсіби тұрғыдан бағалауда адал болып, оның ісі сөзімен сәйкес келіп, өз көзқарасын дәлелдей алуы қажет.
  • «Үржар колледжі» ҚММ оқытушыларының ар кодексінде Қазақстандық қоғам мен Мемлекеттің нормалары және жалпыға бірдей адамгершілік принциптеріне негізделген моральдық нормалар жүйесі міндеттемелер мен талаптар бар.

Оқытушы ар кодексі курсы принциптерін іске асыруда өзіне жауапкершілікті ала отырып, «Үржар колледжі» ҚММ жоғарғы адамгершіліктің, интеллектуалдылықтың үлгісі болуына, оның іскерлік репутациясы және имиджінің биік деңгейде болуына ат салысады.