ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекеме Үржар ауданы, Таскескен ауылында орналасқан. Бұл оқу орны 1960 жылы 19 қыркүйек айында №127 Аякөз ауылшаруашылық-механикалық училищесі болып құрылған. 1965 жылы 1 қазан айында №127 кәсіптік-техникалық училище болып өзгертілді. 1984 жылы 13 тамызда №20 орта кәсіптік-техникалық училищесі деп атауы өзгерді. 1996 жылы 27 мамырда білім саласындағы реформаларға байланысты №20 кәсіптік-техникалық мектеп болып өзгерді. 2003 жылы 22 мамырда №20 кәсіптік мектеп болып өзгеріп, 2009 жылы  12 қаңтар айынан бастап,  №18 кәсіптік лицей болып өзгерсе, 2012 жылдың 14 маусымынан бастап,  «Үржар колледжі» КММ болып жұмыс жасауда.


«Үржар колледжі» КММ негізгі білім және орта білім негізінде бастауыш кәсіптік білім беруді жүзеге асырады. Халықтың жұмыспен қамтамасыз етілмеген топтарынан мамандар даярлауды  және қайта даярлауды,мемлекеттік сұраныс бойынша және жеке кәсіпорындармен,азаматтармен жеке келісім шарт негізінде, аудандық еңбекпен  қамту орталығымен бірлесе отырып, бастауыш кәсіптік  білім беруді жүзеге асырады.                                                                                                  
Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы - Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі, Мемлекеттік мекеменің басқарушысы – Облыстық білім басқармасы. Мекеме бастауыш кәсіптік білім беруді №12005308  Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының 2012 жылғы 25 маусымда берілген мемлекеттік лицензия негізінде жүргізеді.
Колледждің оқу корпусы, зертхана, жатақханасы бар. Сондай – ақ спорт зал мәдениет үйімен келісім- шарт бойынша пайдаланылып отыр. 
      
      «Үржар колледжі» КММ дайындайтын мамандықтар тізімі:


Мамандығы

Біліктілігі

Оқу мерзімі

1

1504000 «Фермер шаруашылығы»

1504062 «Тракторист-машинист сельскохозяйственного производства»

2 жыл 10 ай

2

1504000 «Фермер шаруашылығы»

1504082 «Автомобиль жүргізушісі»

2 жыл 10 ай

3

1504000 «Фермер шаруашылығы»

1504102 «Слесарь-жөндеуші»

2 жыл 10 ай

4

0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

0508012 «Аспаз»

2 жыл 10 ай

5

0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

0508022 «Кондитер»

2 жыл 10 ай

6

0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

0508032 «Калькулятор»

2 жыл 10 ай

7

0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

0508042 «Даяшы»

2 жыл 10 ай

8

1114000 «Дәнекерлеу ісі»

1114042 «Электргазбендәнекерлеуші»

10 ай

9

1513000 «Ветеринар»

1513012 «Жануарларды ветеринарлық өндеуші операторы»

2 жыл 10 ай

10

1513000 «Ветеринар»

1513032 «Ветеринарлық санитар»

2 жыл 10 ай