ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

 

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын "Үржар колледжі" КММ-сінің оқытушылар ұжымы мен студенттері ыстық ықыласпен, асқан қуанышпен қарсы алды. Мұның бір дәлелі – "Үржар колледжі" КММ-сінде  жиналған 120-дан астам адам қазан Жолдауын үлкен экраннан көре отырып, баяндамашыларды тыңдап талдады. Ең бастысы – қазан жолдауында Елбасының «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялауды ұсынғаны жастарға үлкен қуаныш сыйлады. Педагогтардың еңбекақысы өсетіні де ерекше қуантқан жаңалық болды. Мұғалім мәртебесінің қабылдануы, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілетіні - қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, оның үлкен табысты болуына тағы да бір серпін берді.

 

Жолдауда айтылған әрбір бағыттың берері көп. Cоны тиімді пайдалануға барлығымыз күш салуымыз қажет!