ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Алтау ала болса, ауыз­дағы кетеді, Төртеу түгел болса, тө­бе­дегі келеді», деген нақыл сөзі қанша ғасыр өтсе де ұрпаққа өнеге.

Елбасының игі баста­ма­­сы­мен елі­мізде қалып­тас­­қан дінаралық татулық, ұлт­аралық келісім – ширек ға­сырға татитын тәуелсіз елі­міздің жеткен басты жетістік­терінің бірі.
Рухани келісім, ұлттар арасын­дағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бүгінгі бе­рекелі күнге бірліктің арқа­сында жеттік.
Күнтізбемізге 18 қазанның Рухани келісім күні ретінде енуі – қазақ то­пырағына бей­бітшілік орнатып, тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бас­тама деп білеміз.
"Үржар колледжі" КММ оқытушылары осы бастаманы қолдау мақсатында тәрбие сағаты мен дөңгелек үстел өткізді.
Ендеше, бізге ең әуелі бірлік ауадай қажет. Өйт­кені бейбітшілік – біздің ба­қытымыз бен баға жетпес байлығымыз.