ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
«WorldSkills Abai – 2024» өңірлік чемпионатына дайындық
«Үржар колледжі» КММ колледжінде «WorldSkills Abai – 2024» өңірлік чемпионатына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Чемпионаттың мақсаты - жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, кәсіби даярлық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын арттыру. WorldSkills кәсіби шеберлік байқауының арқасында жас мамандар өздерін танытуға және өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетуге мүмкіндік алады.
Биылғы жылы «WorldSkills Abai – 2024» өңірлік чемпионатында колледждің атынан 4 студент қатысады:
- «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша Ораз Данагүл, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқитын ІІІ курс студенті,
- «Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша Елтаева Ақмарал, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқитын ІІ курс студенті,
- «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша Қырықбаев Серікқазы, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша оқитын ІІІ курс студенті,
- «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеу жөніндегі слесарь» құзыреті бойынша Далабай Нұрбол, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша оқитын ІІ курс студенті.
Балалар компатриот-сарапшылар К.Тергенбаева, А. Сейтжанова, Е. Андирханов және К. Самбаевтың тәлімгерлігімен колледж шеберханаларында конкурсқа дайындалуда.
Біз студенттерімізге чемпионатта сәттілік тілейміз, табанды, мықты болыңыз, тәжірибе жинаңыз, кәсіби шеберлігтеріңіз өссін!