ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жалпы білім беру пәндері онкүндігі аясында физика пәні оқытушысы С.Е.Мукажанова «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 1 - курс студенттерімен «Физика әлеміне саяхат» тақырыбында сыныптан тыс іс - шара өткізді. Іс - шара сайыс түрінде болды.Білім алушылар «Жарық» және «Энергия» деп аталатын екі топқа бөлінді. «Сан сұраққа саяхат», «Физикалық мақал-мәтелдер», «Ұяшықты дұрыс таңда», «Жұмбақтар елінде», «Ойлан,тап», «Қызықты тәжірибе»  деп аталатын бөлімдерден тұрған сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Студенттер  өздерінің физика пәнінен алған білімдерін көрсетіп,оны тәжірибе жүзінде де дәлелдей білді. Сайыстың қорытындысы бойынша  «Жарық» тобы жеңіске жетті.