ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әдістемелік жұмыс жоспарына сай өткізіліп жатқан жалпы білім беру пәндері онкүндігінде химия-биология пәнінің оқытушысы Майқы Ануар Әсетұлының ұйымдастыруымен «Саналы қоғам-болашақтың кілті» атты дебат болып өтті.АРF форматында өткен дебатқа колледж студенттері, «Алтынсарин орта мектеп-бақшасы» КММ және «Ақтанберді атындағы орта мектеп бақша» КММ жоғары сынып оқушылары қатысты. Дебаттың мақсаты -жас ұрпақтың бойындағы коммуникативтік , көшбасшылық дағдыларды дамыту ,қоғамдық жағдайларға баға беруге баулу. «Үкімет» және  «Оппозиция» атты топтарға бөлінген командалар  «Гендік модификациялық тағамдар:пайдалы/пайдалы емес», «Марсқа қоныстану.Қиял ма әлде жүзеге  асатын іс пе?» тақырыбында пікір таластырды. Дебат жоғары деңгейде өтті.Қатысушылар  сыни және шығармашылық тұрғыдан  өз ойларын жеткізе біліп, азаматтық ұстанымдарын көрсетті.Дебат қорытындысы бойынша  қатысушылар сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды